2025-2026 оқу жылына Францияның Қазақстандағы Елшілігінің шәкіртақыларын алуға конкурс жарияланады!
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2025 жылғы 1 маусым, жексенбі
Bourses de l’Ambassade de France au Kazakhstan 2025-2026
Францияның Қазақстандағы Елшілігі қазақстандық студенттерге Licence немесе Master бағдарламалары бойынша оқуға мүмкіндік беретін студенттік ұтқырлық бағдарламасының іске қосылғанын жариялайды.
Бұл бағдарлама шеңберінде әлеуметтік қамту бойынша француз үкіметінің 5 шәкіртақысын (BCS) иеленуге конкурс жарияланады.
Конкурсқа қатысу шарттары:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы;
- жас шамасы шектеусіз;
- Францияда Licence немесе Master бағдарламалары бойынша оқуға қабылданғаны жөніндегі шақыру-хатының болуы;
- мамандық таңдауға шектеусіз;
- қос диплом бағдарламалары шеңберінде білім алып жатқан студенттерге басымдық беріледі;
- француз тіліндегі білім беру бағдарламаларын таңдаған студенттерге басымдық беріледі. Ағылшын тілінде оқытатын бағдарламаларды таңдаған студенттер де шәкіртақы алуға үміттене алады;
- магистр дәрежесі бар студенттер шәкіртақы алуға конкурсқа қатыса алады.
Француз үкіметінің әлеуметтік қамту бойынша шәкіртақысы (BCS) мынадай артықшылықтарды қарастырады:
- Францияға тегін виза беру (шәкіртақы алмайтын студент үшін визаның құны 99 еуроны құрайды);
- мемлекеттік оқу орындарының көпшілігінде ұлттық дипломды алу үшін міндетті тіркеу жарнасын төлеуден босату. Еске салайық, ЕО азаматы болып табылмайтын студенттер үшін тіркеу жарнасы бакалавр дәрежесін алу үшін жылына 2770 еуроны, магистр дәрежесін алу үшін жылына 3770 еуроны және PhD дәрежесін алу үшін жылына 380 еуроны құрайды. Сонымен қатар, мекеме және диплом түріне байланысты қосымша шығындарды ескеру қажет;
- Француз үкіметінің қаржылай көмегінің арқасында студенттік асханаларда жеңілдетілген бағамен (1 еуро) тамақтану;
- тегін қосымша медициналық сақтандыру (шәкіртақы алмайтын тұлғалар үшін 300 еуро);
Студент барлық сабақтарға қатысуға міндетті, олай болмаған жағдайда шәкіртақыдан айырылады.
Үміткердің құжаттамасы:
Үміткердің құжаттамасы келесі құжаттардан құрылуы тиіс:
- шетелде оқуға еркін нысандағы жобаны ұсыну (оқыту тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде);
- түйіндеме: француз немесе ағылшын тілінде;
- уәждемелік хат: француз немесе ағылшын тілінде (1 парақ, тек алдыңғы жағы);
- паспорт көшірмесі – бірінші беті;
- университет немесе ғылыми-зерттеу мекемесінен оқуға алдын ала қабылдау туралы шақыру-хатының болуы. Қабылдау рәсімі аяқталмаған жағдайда, өтініштің көшірмесін тіркеу қажет;
- бакалавриаттан бастап дипломдар мен бағалары бар қосымшалардың куәландырылған көшірмелері немесе Licence бағдарламаларын таңдаған үміткерлерге қосымшасымен бірге жалпы орта білім туралы аттестаттың куәландырылған көшірмесі;
- француз тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлерге: B1 (DELF, DALF, TCF) деңгейінен төмен емес француз тілін меңгергенін растайтын сертификат. Бұл талап француз тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алған үміткерлерге қолданылмайды;
- ағылшын тілінде оқу бағдарламасын таңдаған үміткерлерге: В2 (ТОЕІС, ТОЕFL, ІЕLТS) деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат. Бұл талап ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарында білім алған үміткерлерге қолданылмайды.
Үміткердің құжаттамасын жіберу тәртібі:
- Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2025 жылғы 1 маусым (сағат 24:00-ге дейін).
- Үміткердің құжаттамасын 10 Мб аспайтын PDF форматында электрондық пошта арқылы келесі мекенжайға жіберу қажет: bcs.kazakhstan@gmail.com
- БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР КЕЛЕСІ АТАУМЕН БІРЫҢҒАЙ ҚҰЖАТТАМАДА ЖИНАЛУЫ ТИІС:
Бакалавриат бағдарламалары үшін: 2025Licence_ТЕГІ_ЕСІМІ
Магистратура бағдарламалары үшін: 2025Master_ТЕГІ_ЕСІМІ
ТЕГІ мен ЕСІМІ төлқұжаттағыдай латын әрептерімен жазылуы тиіс.
Дұрыс рәсімделмеген құжаттамалар қарауға жатпайды.
- Құжаттама қабылданған кейін үміткерлерге электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі.
Конкурстық комиссия:
Үміткерлерді іріктеуді тәуелсіз конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Конкурстың нәтижелерін жариялау:
Конкурстың нәтижелері 2025 жылғы 11 маусымда Францияның Қазақстандағы Елшілігінің https://kz.ambafrance.org/ сайтында жарияланады.
Қосымша ақпарат:
Бакалавриат бағдарламалары бойынша каталог :
https://cataloguelm.campusfrance.org/licence/#/catalog
Магистратура бағдарламалары бойынша каталог :
ағылшын тілінде: http://taughtie.campusfrance.org/tiesearch/#/catalog
француз тілінде: http://cataloguelm.campusfrance.org/master/#/catalog
Үміткерлер барлық қосымша сұрақтар бойынша Француз Альянстары жанында орналасқан Campus France агенттіктеріне жүгіне алады.