«Make Our Planet Great Again – Master Kazakhstan» 2025-2026шәкіртақылық бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады!
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2025 жылғы 1 маусым, жексенбі
2025 жылы климат жөніндегі Париж келісімінің қол қойылғанына 10 жыл толады. Келісім «климаттың өзгеруіне байланысты қазіргі қауіп-қатерлерге қатысты ең озық қолжетімді ғылыми білімге негізделген шараларды тиімді және біртіндеп қабылдау қажеттілігін» мақұлдайды. Бұл сын-қатерлерге жауап ретінде, 2017 жылы Француз Республикасының Президенті климат, энергия, сонымен қатар Жер және қоршаған орта ғылымдары салаларында жобаларын Францияда жүзеге асыруға ұмтылған шетелдік зерттеушілерді тарту мақсатында қаржыландыру бағдарламарын ұсынатын « Make Our Planet Great Again » (MOPGA) бастамасын алға тартты.
Осыған орай, Францияның Қазақстандағы елшілігі Қазақстандағы Француз Альянстары желісімен бірлесіп тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және климаттық өзгерістерге қарсы күрес саласында франко-қазақстандық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосуға ықылас білдірген студенттерге магистратурада оқуға 10 шәкіртақы ұсынады.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
- Бағдарламаға Францияда Master 1 немесе Master 2 білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік университетке қабылданған қазақстандық студенттер қатыса алады.
- Мамандықтар тізімі шексіз, негізгі талап – таңдалған білім беру бағдарламасы Париж Келісімі тақырыптарымен байланысты болуы тиіс.
- Таңдалған білім беру бағдарламасы Францияның аймақтық университеттерінің бірінде болуы тиіс (Париж аймағынан бөлек).
Бағдарламаның қаржылық шарттары:
MOPGA бағдарламасының шәкіртақы иегерлері келесі басымдықтарға ие болады:
10 ай ішінде айына 700 еуро нетто көлемінде шәкіртақы төленеді;
Француз үкіметінің әлеуметтік қамту бойынша шәкіртақысы ұсынылады. Бұл шәкіртақы мынадай артықшылықтарды қарастырады:
- Францияға тегін виза беру (шәкіртақы алмайтын студент үшін визаның құны 99 еуроны құрайды);
- мемлекеттік оқу орындарының көпшілігінде ұлттық дипломды алу үшін міндетті тіркеу жарнасын төлеуден босату. Еске салайық, ЕО азаматы болып табылмайтын студенттер үшін тіркеу жарнасы бакалавр дәрежесін алу үшін жылына 2770 еуроны, магистр дәрежесін алу үшін жылына 3770 еуроны және PhD дәрежесін алу үшін жылына 380 еуроны құрайды. Сонымен қатар, мекеме және диплом түріне байланысты қосымша шығындарды ескеру қажет;
- орынды жалдау ақысына қол жеткізуге мүмкіндік беретін, баспана іздеуді Campus France агенттігі және оның серіктестері жүзеге асырады: мемлекеттік университет жатақханасының (CROUS) жалдау ақысы айына 300-ден 600 еуроға дейін, ал жеке меншік секторында айына 800-ден 1000 еуроға дейінгі соманы құрайды;
- Француз үкіметінің қаржылай көмегінің арқасында студенттік асханаларда жеңілдетілген бағамен (1 еуро) тамақтану;
- тегін қосымша медициналық сақтандыру (шәкіртақы алмайтын тұлғалар үшін 300 еуро);
- Campus France агенттігі тарапынан шәкіртақы иегерлерін арнайы сүйемелдеу.
Түсініктеме:
- Көлік шығыстарын студенттер өз қаражаты есебінен төлейді.
- Студент барлық сабақтарға қатысуға міндетті, олай болмаған жағдайда шәкіртақыдан айырылады.
- Оқу жылы барысында студент шәкіртақыдан бас тартқан жағдайда (төтенше жағдайды қоспағанда), аударылған қаражат толық көлемінде қайтарылады.
Үміткердің құжаттамасы:
Үміткердің құжаттамасы келесі құжаттардан құрылуы тиіс:
- паспорт көшірмесі – бірінші беті;
- түйіндеме: таңдалған білім беру бағдарламасына байланысты француз немесе ағылшын тілінде;
- уәждемелік хат: таңдалған білім беру бағдарламасына байланысты француз немесе ағылшын тілінде;
- француз университетінен оқуға алдын-ала қабылданғаны туралы шақыру-хат;
- соңғы дипломның куәландырылған көшірмесі;
- бағалары бар диплом қосымшасының куәландырылған көшірмесі.
Үміткердің құжаттамасын жіберу тәртібі:
- Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 2025 жылғы 1 маусым (сағат 24:00-ге дейін).
- Үміткердің құжаттамасын 10 Мб аспайтын PDF форматында электрондық пошта арқылы келесі мекенжайға жіберу қажет: mopga.kazakhstan@gmail.com
- БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР КЕЛЕСІ АТАУМЕН БІРЫҢҒАЙ ҚҰЖАТТАМАДА ЖИНАЛУЫ ТИІС: 2025Master_ТЕГІ_ЕСІМІ
ТЕГІ мен ЕСІМІ төлқұжаттағыдай латын әрептерімен жазылуы тиіс.
Дұрыс рәсімделмеген құжаттамалар қарауға жатпайды.
- Құжаттама қабылданған кейін үміткерлерге электрондық пошта арқылы хабарлама жіберіледі.
Конкурстық комиссия:
Үміткерлерді іріктеуді тәуелсіз конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Конкурстың нәтижелерін жариялау:
Конкурстың нәтижелері 2025 жылғы 11 маусымда Францияның Қазақстандағы Елшілігінің https://kz.ambafrance.org/ сайтында жарияланады.
Қосымша ақпарат:
Магистратура бағдарламалары бойынша каталог :
ағылшын тілінде: http://taughtie.campusfrance.org/tiesearch/#/catalog
француз тілінде: http://cataloguelm.campusfrance.org/master/#/catalog
«Make Our Planet Great Again - Master Kazakhstan» бағдарламасы бойынша үміткерлер барлық қосымша сұрақтар бойынша Француз Альянстары жанында орналасқан Campus France агенттіктеріне жүгіне алады.