Bourses de l’Ambassade de France au Kazakhstan 2024-2025

Талапкерлер
Pays concerné(s)
Kazakhstan

Қазақстандағы Франция Елшілігінің 2024-2025 стипендияларын алуға арналған конкурс!

Досьені тапсырудың соңғы мерзімі: жексенбі, 12 мамыр, 2024 ж.

Bourses de l’Ambassade de France au Kazakhstan 2024-2025

Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер Министрлігі Францияның Қазақстандағы елшілігі атынан қазақстандық студенттерге Франция үкіметімен танылған дипломдарды ала отырып, Licence немесе Master бағдарламалары бойынша оқудан өтуге мүмкіндік беретін студенттік ұтқырлық бағдарламасын іске қосатынын хабарлайды.

Бұл бағдарлама француз үкіметінің әлеуметтік қамтуға арналған 10 стипендиясына (BCS) конкурс жариялайды.

Стипендия алу конкурсына қатысу шарттары:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • Жас шектеулері жоқ;
  • Франциядағы Licence және Master бағдарламасына тіркелгенін растау;
  • Мамандықтарды таңдауда шектеулер жоқ;
  • Артықшылығы қос диплом бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асыратын студенттерге беріледі;
  • Француз тілінде оқытатын бағдарламаларға түсетін студенттерге басымдық беріледі. Ағылшын тілінде оқытатын бағдарламаларға түсетін студенттер де стипендия ала алады;
  • Магистр дәрежесі бар студенттер осы стипендияға арналған конкурсқа қатыса алады.

2024 жылдың жазында Парижде Олимпиада ойындарын өткізуге байланысты біз үміткерлерге Францияның аймақтық университеттерінде білім беру бағдарламаларын таңдауға кеңес береміз, өйткені Париж аймағында баспана іздеуде қиындықтар болады.

Француз үкіметінің әлеуметтік қамту стипендиялары (BCS) келесі артықшылықтарды ұсынады:

  • Францияға тегін виза беру (стипендиат болып табылмайтын студент үшін виза құны 99 еуроны құрайды);
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының көпшілігінде ұлттық диплом алу үшін міндетті тіркеу жарнасын төлеуден босату.  ЕО-ға кірмейтін студенттер үшін тіркеу жарнасы бакалавр дәрежесі үшін жылына € 2,770, магистр дәрежесі үшін жылына € 3,770 және PhD үшін жылына 380 еуро, сонымен қатар оқу орны мен дәреже түріне байланысты қосымша шығындар бар екенін ескеріңіз;
  • Тұрғын үйді Campus France агенттігі және оның серіктестері іздейді, бұл қалыпты жалдау ақысына қол жеткізуге мүмкіндік береді: мемлекеттік университет резиденциясында (CROUS) жалдау айына 300-ден 600 еуроға дейін ауытқиды, жеке секторда айына 800-ден 1000 еуроға дейін;
  • Француз үкіметінің қаржылық көмегі арқасында студенттер асханаларында жеңілдетілген бағамен тамақтандыру (1 еуро);
  • Тегін қосымша медициналық сақтандыру (стипендиат еместер үшін 300 еуро);
  • Campus France агенттігінің стипендиаттарына арнайы қолдау.

Студенттер барлық сабақтарға қатысуға міндеттенеді, әйтпесе олар стипендиядан айырылады.

Кандидаттың досьесі:

Кандидаттың досьесінде келесі құжаттар болуы керек::

  1. Шетелде оқу жобасын еркін түрде ұсыну (оқыту тіліне байланысты француз немесе ағылшын тілінде);
  2. Француз немесе ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
  3. Француз немесе ағылшын тілдеріндегі мотивациялық хат (1 бет, тек алдыңғы жағы);
  4. Паспорттың бірінші бетінің көшірмесі;
  5. Университеттен немесе ғылыми-зерттеу ұйымынан алдын ала қабылдау туралы растау. Егер қабылдау рәсімі әлі аяқталмаса, өтініштің көшірмесін қоса беру қажет; 
  6. Бакалавриаттан бастап бағалары бар дипломдар мен қосымшалардың расталған көшірмелері немесе Licence-ға түсушілер үшін жалпы орта білім туралы қосымшасы бар аттестаттың көшірмесі;
  7. Француз тілінде оқыту бағдарламасын таңдаған үміткерлер үшін: француз тілінің B1 (DELF, DALF, TCF) деңгейінен төмен емес екенін растайтын сертификат. Бұл талап француз тілді жоғары оқу орындарында оқыған адамдарға қолданылмайды;
  8. Ағылшын тілінде оқыту бағдарламасын таңдаған үміткерлер үшін: ағылшын тілінің B2 (TOEIC, TOEFL, IELTS) деңгейінен төмен емес екенін растайтын сертификат. Бұл талап ағылшын тілді жоғары оқу орындарында оқыған адамдарға қолданылмайды.

Кандидаттың досьесін жіберу тәртібі:

  • Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2024 жылғы 12 мамыр 24 сағат 00 мин дейін. Үміткердің досьесін PDF файл ретінде (ең көбі 10 Мб) келесі электрондық пошта мекенжайына жіберу керек: bcs.kazakhstan@gmail.com
  • БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАР БІР ДОСЬЕДЕ ЖИНАЛУЫ КЕРЕК:

Бакалавриат бағдарламалары үшін: 2024Licence_NOM_PRENOM

Магистратура бағдарламалары үшін: 2024Master_NOM_PRENOM

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін досьелер қарастырылмайды.

      -      Досьені алған кезде хабарлама жіберіледі.

Конкурстық комиссия:

Кандидаттарды іріктеуді тәуелсіз конкурстық комиссия жүзеге асырады.

Нәтижелерді жариялау:

Байқау нәтижелері 2024 жылдың маусым айының басында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің сайтында жарияланады https://kz.ambafrance.org/

Қосымша ақпарат:

Бакалавриат бағдарламаларының каталогы:

https://cataloguelm.campusfrance.org/licence/#/catalog

Магистратура бағдарламаларының каталогы:

ағылшын тілінде: http://taughtie.campusfrance.org/tiesearch/#/catalog

француз тілінде: http://cataloguelm.campusfrance.org/master/#/catalog

BCS бағдарламасына қатысты барлық қосымша сұрақтар бойынша үміткерлер espaces Campus France Kazakhstan бөлімдеріне жүгіне алады.