Талапкерлер, Студенттер, Магистранттар, Докторанттар

Contribution vie étudiante et de campus (CVEC) – 91 евро көлеміндегі міндетті төлем, оны Францияға кетпес бұрын және университетке әкімшілік тіркеуге дейін төлеу қажет.

 

Бұл төлем студенттердің университеттегі әлеуметтік, мәдени және спорттық қажеттіліктерін ішінара қамтиды.

Төлем жасау үшін студент https://www.messervices.etudiant.gouv.fr/envole/ сайтында тіркеліп, төлемді онлайн түрде банк картасы арқылы жүзеге асыруы қажет.

Төлем жасалғаннан кейін студент төлемді растау құжатын жүктеп, басып шығара алады. Бұл құжат университетке тіркелу кезінде ұсынылуы қажет.
Бұл төлемді өтемей, мемлекеттік жоғары оқу орнына тіркелу мүмкін емес.