Студенттердің Францияға кіру ережелері 2020

Étudiants, Талапкерлер, Студенттер, Магистранттар, Докторанттар
Pays concerné(s)
Kazakhstan

Франция ұзақ немесе қысқа мерзімге тағылымдамадан өтуге келген студенттерді , сондай-ақ зерттеушілерді 2020 жылдың 1 тамызынан бастап қабылдауға дайын.

Жағдайға қарамастан және сіздің еліңізге қарамастан, Франция сіздің оқу орнына қауіпсіз келуіңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

 

"Қызыл аймақ"елдерінен келген студенттерге арналған ұсыныстар

Францияның шекаралары бұл елдер үшін жабық. Ерекшелік ұзақ немесе қысқа мерзімге, тағылымдамадан өтуге келетін шетелдік студенттерге және ғылыми қызметкерлерге арналған.


Францияға келгеннен кейін не беруіңіз керек :

● Францияға кіруге арнайы рұқсат (Une attestation de déplacement dérogatoire). Бұл құжатты (француз немесе ағылшын тілдерінде) Францияның Ішкі істер министрлігінің сайтынан табуға болады https://www.interieur.gouv.fr/Actualites/L-actu-du-Ministere/Attestatio…. Бұл сертификат көлік компанияларына және шекаралық бақылауға жауапты органдарға (әуе, теңіз, жер үсті байланысы, соның ішінде теміржол байланысы) берілуі керек.
● Сізде симптомдар жоқ екенін растайтын еркін формадағы өтініш хат.
● Сіздің Францияда тұратын мекен-жайыңыз туралы мәліметтер.

Сонымен қатар:

Егер сіз "қызыл аймақтан" (қазір Қазақстан кіреді) келсеңіз, мүмкіндігінше кетер алдында ПТР тестін тапсырыңыз. Тест елге кірерден 72 сағат бұрын жасалуы керек.
Сіз өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғап қана қоймай, бұл сіздің Францияға келуіңізді жеңілдетеді.

Ерікті карантин

Егер сіз қызыл аймақтағы елден болсаңыз және ПТР тестін тапсыра алмасаңыз, Францияға келгеннен кейін 14 күн ерікті карантинде болуыңыз керек. Бұл Франциядағы тұрғылықты жеріңізде мүмкіндігінше оқшаулануыңыз керек дегенді білдіреді, адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз, температураны бақылаңыз және қажет болған жағдайда медициналық қызметкерлерге симптомдарыңыз туралы хабарлаңыз. Қажет болған жағдайда тиісті шаралар туралы (дезинфекция және т.б.) сізді қабылдайтын тарапты алдын ала ескерту ұсынылады. Бұл ерікті карантин басқалардың денсаулығын қорғау үшін қарастырылған : біз бәріміз абай болуымыз керек және жалпы азаматтық жауапкершілікке тартылуымыз керек.

Қазақстандағы жағдайды да ескеру қажет: шекаралардың ашылуы, рейстердің болуы және т. б.

Шекарадан өткен кезде, қашықтықтан оқыту форматы мүмкін емес болғандықтан, сізде оқу және сабаққа қатысу форматы көрсетілген университеттен шақыру қағазы болуы керек.

Publié le : 02/04/2025 à 12:45
Mis à jour le : 02/04/2025 à 13:00