DAP 2024-2025

Талапкерлер
Pays concerné(s)
Kazakhstan

Құрметті үміткерлер!

Біз сізге 2024-2025 жылға арналған DAP құжаттарын қабылдаудың басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін.

 

Құжаттар тізімі:

  1. 3 толтырылған "Dossier Blanc/Ақ Досье";
  2. 3 мотивациялық хаттар;
  3. Француз тілін B2, C1 деңгейінде меңгергенін растайтын DELF, DALF немесе TCF сертификаты;
  4. Паспорттың/туу туралы куәліктің/жеке куәліктің көшірмесі;
  5. Оқушылар үшін: қосымшасы бар 9-сынып аттестаты, қосымшасы бар 10-11-сынып табельдері + француз тіліне аударымдар. 
  6. Мектеп түлектері үшін: 11-сынып аттестаты + француз тіліне аудармасы. 
  7. Университет студенттері үшін: мектеп аттестаы, транскриптер + француз тіліне аудармалар. 
  8. Университетті бітіргендер үшін: қосымшасы бар диплом + француз тіліне аудармалар;
  9. Таңдалған мамандыққа жататын грамоталар, сертификаттар (бар болса);
  10. CV, ұсыныс хаттар (бар болса);
  11. Шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін портфолио (суреттер, эскиздер)ұсынған жөн*

Кампус Франс Бюросының үйлестірушілері сізді Астана мен Алматының Француз Альянстарында қабылдауға дайын.

Францияға дайындық және түсу туралы толығырақ ақпарат алу үшін біздің ұйымның Instagram профиліне өтуіңізді сұраймыз @campusfrance_kazakhstan. 

 

Publié le : 02/04/2025 à 12:03
Mis à jour le : 02/04/2025 à 12:11